«Анель, саудаң бітті»: Лаос еліндегі қазақ қызы қиын жағдайға тап болды

«Анель, саудаң бітті»: Лаос еліндегі қазақ қызы қиын жағдайға тап болды

«Анель, саудаң бітті»: Лаос еліндегі қазақ қызы қиын жағдайға тап болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өзін жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғанын айтты. Қыз өзінің жағдайы туралы әлеуметтік желіде жазған. Қазіргі уақытта оның әлеуметтік желіге кіруге мүмкіндігі бар көрінеді деп хабарлады turkystan.kz  Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Шамамен бір күн бұрын Анель оқиғасын суреттеп, фотосуреттер салып жағдайды айтып берді. Ол қытайлық компанияда жұмыс істеп, өз брендін қалыптастыру мақсатында Таиландқа ұшып келген екен. Елге келгеннен кейін қызға сән-салтанатпен жағдай жасалыпты. Жүргізушісі бар қымбат көлік, қонақүй бөлмесі беріліп, кез келген тілегін орындауға болатынын көрсеткен. Бірақ кешке қарай алаңдай бастаған. Қазақстандық құрбысы да алаңдаушылығын білдірген.
«Бәрі жақсы, жаңа ел ғой» дедім. Таңертең апатиялық күйде ояндым, эмоциямды білдірмей, тамаша ауа арайын сезіну үшін қонақүйден шықтым. Жеке жүргізушім күтіп алды. Әуежайға мені алып келді. Чиангарайға ұштық, ары қарай 2,5 сағат бір ауылдан өттік. «Анель, саудаң бітті» дедім өзіме. Төлқұжат бақылау сервисіне келдім, таиландтықтар бір-біріне басын изеп, тұлқұжатыма мөр басып елден шықты деп белгілеп берді», – дейді ару.
Содан кейін Анельді қайыққа отырғызып,  басқа жағаға алып кетеді, ол жерде оны ешкім күтіп алмайды.
«Содан соң дөрекілеу қытайлық келді, бірден алаяқ сияқты көрінді. ПТР тапсырдым. Қытайлық ер адам мен үшін полицияға ақша төлеп, содан соң қытай тағамымен тамақтандырды. Ол мені компанияның кеңсесіне алып барады. Біз аумаққа кірген бойда мен алданып қалғанымды түсіндім.  Мені бірден талдау тапсыруға жіберді. Менің денім сау ма, есірткі қабылдамағанмын ба, тексермек болды. Маған бірінші рет: «Бәрі бітті! Енді менің ағзаларымды алады, ал бұл туралы ешкім де білмей қалады» деген ой келді»  деп жазды Анель.
Содан кейін қызды бірнеше компьютері бар бөлмеге апарып, одан кейін 8 адам тұратын лас бөлмеге орналастырады.
«Біз бастыққа бардық. Онда компьютерде жұмыс істейтін адамдары бар үлкен бөлме болды. Содан кейін мені бастықтың алдына апарды. Бір шыны шай құйып, интернеті бар SIM картасын ұсынды. Сөйлегенде адамға қарап күліп қояды, ал мен осының астарында адамдарға деген қатыгездікті көріп тұрдым. Сосын ол сізге жатақхананы көрсетемін деді. Бірақ шарттарда мен екі кісілік бөлмеде тұрамын дедім немесе қонақүй жалдап беретін болған. 8-бөлмені көргенде, мен шошып кеттім де, жылап жібердім. Ол жер лас еді, темекінің қалдықтары, кір, душ жоқ», – дейді ол.
Анельдің туыстары полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктері және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан, бірақ қыз осы уақыт ішінде онымен ешкім хабарласпағанын айтады.
«Қазір Лаоста жүргеніме 4-күн болды, мен бір бөлмеде тығылып алдым, ешкімді кіргізбей отырмын. Кеше қытайлықпен мұндай жағдайда жұмыс істемейтінімді айттым, шығындарын өтеп, үйге қайтып кете алатынымды да түсіндірдім. Ол бұл кіріп-шығып жүретін жер емес екенін айтты. Сөзінше, осында бір жыл тұруым керек екен. Қатты шошып кеттім. Бұл -  инвестициялық платформа атын жамылған алаяқтар компаниясы. Мен клиенттермен жұмыс істейтін менеджер жұмысын орындауым керек еді. Белгілі болғандай, бұл жерде олардың жеке жер телімі бар, осылайша олар осындай заңсыз әрекеттерге барады» деп жазды қыз.
Қызылорда облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлігі (адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айта кетейік, Анель Бермағанбетова 2021 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан «Офис за чертой» қазақстандық қорқынышты фильмінде басты рөлді сомдаған.