Жаңалықтар

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ

ашық дереккөзі

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды – БАҚ

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «17 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабының 1-тармағымен («рейдерлік») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген прокуратураның ҚазТАГ тілшісінің сауалына берген жауабында. Бұған дейін журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы өзінің Telegram-каналында жазған болатын. Оның айтуынша, Тұңғыш Президенттің інісі мен экс-келініне Нұршы Кәкенова есімді кәсіпкер әйел шағымданған.