Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды
ашық дереккөзі
Қаланың 14-шағынауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қызды итбалық тістеп алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды», - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, 11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.