Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

Бүгін кей өңірлерде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button