Сотта экс-министр Цойдан Біртановтың ісіне қатысты жауап алынды
Сотта экс-министр Цойдан Біртановтың ісіне қатысты жауап алынды
Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановтың сот отырысында тағы бір экс-министр Алексей Цойдан жауап алынды деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін өтіп жатқан сот отырысында Елжан Біртановтың орынбасары болған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой куәгер ретінде жауап берді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасын» әзірлеуге қазақстандық компанияларды тартқысы келген, бірақ Қазақстанда мұндай тәжірибе ешбір компанияда болмағандықтан, департамент хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясына жүгінген. Ол жүйе бұрын Арменияда жүзеге асырылған.
«Біз Арменияның ақпараттандыруға жауапты вице-министріне қоңырау шалдық. Ол бізге барлығы жұмыс істеп тұрғанын растады. Қалай болғанда да, теріс баға болған жоқ. Арнайы дайындалып пысықтадық. Әрине, Хорватияда олар бәрі жақсы жұмыс істеп жатқанын айтты», – деді Цой.
Алексей Цойдың айтуына қарағанда, 2017 жылы Ericsson компаниясы жобаның бәрін жүзеге асыруға үлгермеген.
«Менің білуімше, жобаны аяқтауға бағытталуы тиіс қаражат бюджетке қайтарылған», – деп хабарлады ол.
Цой Денсаулық сақтау министрлігі Ericsson компаниясына ескерту жасап, жоба жүзеге асырылмаған әр күн үшін өсімпұл қосатынын хабарлағанын атап өтті.
«Олар (Ericsson) бүкіл соманы төлеуді талап етті. Кепілдендірілген міндеттеме арқылы өзіне жүктелген жұмысты кейін аяқтағысы келді. Біз одан бірден бас тарттық. Компания елшіні іске тартып, арбитражбен қорқытты. Біз компания президентін Қазақстанға шақырып, барлығын аяқтау керектігін хабарлап, жобаны мерзімінде аяқтау үшін олардан Қазақстандағы бүкіл бас кеңсесін жұмылдыруды сұрадық. Біздің келісімшартта мерзімдерді ұзарту көзделмегенін ескерттік. Жұмыстың басым бөлігі аяқталғанымен, кешмін тұстар болды. Жоба негізі аяқталып қалған. Бірақ жүйені 100 пайыз қабылдауға келмейтіндей нюанстар болды», – деп түсіндірді ол.