«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды
ашық дереккөзі
«Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері болып Беларусь маманы Виталий Жуковский тағайындалады деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап. «Жуковский 38 жаста. Маман он маусым бойы «Ислочь» командасын басқарған. Минск облысының командасын ол Екінші лигадан жоғары дивизионға дейін жеткізген», - делінген хабарламада. Кейін Жуковский Беларусьтің БАТЭ клубында жұмыс істеген. Бірақ 2021 жылдың соңында Виталий Леонидовичтен командадан кетуді сұраған. Содан бері маман бос болып, Қазақстаннан шақырту алған. Еске сала кетсек, 17 тамызда «Атырау» клубының бас менеджері Әлішер Апсалямов Константин Горовенконы негізгі құрамдағы қызметінен босатқан болатын. Горовенкомен бірге командадан көмекшілері Қайрат Айманов пен Денис Мамонов кетті. Қақпашылармен жұмыс істейтін маман Юрий Новиков жаңа бапкерлер штабына кіреді.