Жаңалықтар

М.Әуезов театрында ағылшын комедиясы сахналанды

ашық дереккөзі

М.Әуезов театрында ағылшын комедиясы сахналанды

Кеше М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Мани, мани...» қойылымының тұсаукесері өтті. Е.Нұртазин сахналаған комедия көрермен көңілінен шықты. Спектакльдың оқиғасы қызық-ақ. Бас кейіпкер Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады.  Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті  өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.  Әншейінде қарапайым әрі адал адамдарды осындай бір сын сәттерде тану қиынға түседі. Р.Кунидің шығармасы орыс театрларында талай рет сахналанғанымен, қазақ театрында алғаш рет қойылып отыр. Негізгі рөлдерді Асылбек Боранбай, Баян Қажынәбиева, Салтанат Бақаева, Жарас Толғанбай секілді театрдың маңдайалды актерлері сомдады.