Ислам ойындары: Қазақстан қанша медаль алды?

Ислам ойындары: Қазақстан қанша медаль алды?

Ислам ойындары: Қазақстан қанша медаль алды?
ашық дереккөзі
Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Жарыс 8-18 тамыз аралығында өтті. 55 елдің спортшылары бақ сынаған, биыл бесінші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 89 медаль алды. Атап айтсақ, 27 алтын, 23 күміс, 39 қола.  width= Жалпыкомандалық есеп бойынша Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті. Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Айта кетсек, жарыстың соңғы күні кикбоксингтен қарсылас шақ келтірмеген Берік Ысқақов (63,5 келі) «алтын» алса, Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды. Каратэ-додан София Безрульцева чемпион атанды.