Ақтаулық сарбаз үйіне табытпен оралды

Ақтаулық сарбаз үйіне табытпен оралды

Ақтаулық сарбаз үйіне табытпен оралды
ашық дереккөзі
2003 жылы туған сарбаздың денесін  әскерилер кеше ата-анасына табыстаған. Әскери борышын аяқтауға бір ай ғана қалған сарбаз әскери міндетін орындау барысында мерт болған. Бұл туралы turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Оқиға әскери бөлімнен 80 шақырымда тіркелген. Әскери тапсырманы орындауға аттанған 5 адамның ішінде Нұрбек Ерғалиев те болған. Жолда олар отырған көлік бұзылып, 3 сарбаз автокөлікте қалып, Нұрбек пен командирі көмек сұрауға жолға шыққан.
«Жолда Нұрбек қатты әлсіреп, көз жұмады. Ал командирі жолға дейін жетіп, көмек күтіп жатқан. Көлікте 7 литр су бар екен.  Барлығы бірге неге көлікте көмек күтпеді? Бір түсінбейтін жайт, 15 тамызда біздің бала сарбаздардың whatsapp чатынан шығып кеткен. Әскери бөлімге кешіккен соң көмекті күндіз сағат 12-де жібердік, марқұмның денесі кешке, сағат 18 шамасында табылды деп түсіндірді бізге. Көмек неге кеш көрсетілді?» – дейді марқұмның туыстары.
Сарбаздың ата-анасы баласының қапияда қаза болғанына әскерилерді кінәлайды. Сондықтан да мәйітке сараптама тағайындауды талап етуде.