Оқушылар 2022-2023 оқу жылында неше күн демалады?

Оқушылар 2022-2023 оқу жылында неше күн демалады?

Оқушылар 2022-2023 оқу жылында неше күн демалады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңа оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сондай-ақ тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа оқу жылында: Күзгі демалыс – 7 күн. 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда. ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс – 9 күн. 31 желтоқсаннан бастап, 8 қаңтарды қоса алғанда. Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі. Көктемгі демалыс – 9 күн. 18 наурыздан бастап 26 наурызды қоса алғанда. Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жалпы ұзақтығы – 92 күн. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.