Дәрігер әйелдердің қан қысымын қалай түсіруге болатынын айтты
Дәрігер әйелдердің қан қысымын қалай түсіруге болатынын айтты
Жоғары қан қысымы көбінесе инсульт немесе инфарктың «триггері» болады деп хабарлады turkystan.kz.
Жақында жүргізілген зерттеу әйелдер калийді тұтыну арқылы жүрек-тамыр жүйесін айтарлықтай қорғай алатынын көрсетті. Амстердам университеті ауруханасының дәрігерлері осындай қорытындыға келді деп жазды «МедикФорум».
Калий қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Алайда, зерттеуге сәйкес, ер адамдарға калийдің әсері байқалмаған. Калий бүйрекпен және натриймен әрекеттесу арқылы қан қысымын төмендетуге ықпал ететіні анықталды. Ол әртүрлі тағамдарда кездеседі. Мысалы, бананның құрамында шамамен 422 миллиграмм калий бар. Сонымен қатар, әсіресе, авокадо, өрік, сәбіз, қызанақ және жаңғақтар калийге бай.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.