Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті (ВИДЕО)

Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті (ВИДЕО)

Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Өрт бір қабатты ғимаратты түгелге жуық шарпыған деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Әл-Фараби ауданы Орманов көшесі бойында орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған. Ал мақтаның қалдықтары ғимарат ішінде күйіп кетпеуі үшін көшеге шығарылған.
«Өрт сағат 16.26-да оқшауланып, сағат 17.12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.