Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды

Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды

Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. М. Тілеуберді ВСР Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен келіссөздер өткізіп, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Вьетнам қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады. Вьетнам Премьер-министрі Фам Бинь Тиньмен кездесу екіжақты қарым-қатынастардың экономикалық күн тәртібіне арналды. Тараптар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне, экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған мақсатты күш-жігердің қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, М. Тілеуберді өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Диенмен келіссөздер жүргізді, онда қыркүйекте Ханой қаласында өтетін алдағы үкіметаралық комиссия отырысының тақырыбы талқыланды. Сапар аясында М. Тілеуберді Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейтін вьетнамдық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. «Crystal Bay» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Нгуен Дык Чимен әңгіме барысында туристік саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Duc Giant Chemicals Group» корпорациясының басшысы Дао Хыи Хуен химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. «Thai Binh Seed» Вьетнамдағы күріш өсіру саласындағы жетекші институттың бас директоры Чан Мань Бао Вьетнамда өсірілетін, аз мөлшерде суаруды қажет ететін күріштің жаңа сорттарының тиімділігі туралы айтты. «Vietjet» әуе компаниясының вице-президенті Нгуен Тхань Хунгпен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Алматы - Нячанг және Нұр-Сұлтан - Нячанг бағыттары бойынша рейстер іске қосылады.  width=  width=  width=  width=