Ақмола облысындағы шахтада СҚО тұрғыны көз жұмды

Ақмола облысындағы шахтада СҚО тұрғыны көз жұмды

Ақмола облысындағы шахтада СҚО тұрғыны көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақмола облысындағы шахта аумағында СҚО тұрғыны көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 17 тамызда Степногорск қаласының Полиция басқармасына Бестөбе кентінде «Западная» шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Болжам бойынша, ер адам шахтаға заңсыз кіруге әрекет жасаған кезде өмірмен үйлеспейтін жарақат алған. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары  ҚК-тің 269-1-бабы 3-бөлігі (Күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.