Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтеді

Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтеді

Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтеді
ашық дереккөзі
Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайды, деп хабарлады turkystan.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
«Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізіледі», - делінген ведомствоның ақпараттық хабарламасында.
АМӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды.