Міржақып Дулатұлы туралы тарихи телехикая түсіріліп жатыр (ВИДЕО)

Міржақып Дулатұлы туралы тарихи телехикая түсіріліп жатыр (ВИДЕО)

Міржақып Дулатұлы туралы тарихи телехикая түсіріліп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Міржақып Дулатұлы туралы тарихи телехикаясының түсірілімі басталды деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Тарихи тұлғаның өмір жолындағы айтулы оқиғаларға негізделген сериал Алаш қайраткерінің өмірі, шығармашылығы мен саяси күресі жайында сыр шертеді. Қазір 6 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілім жұмыстары басталды. Негізгі түсірілім Алматы қаласы, Алматы мен Қостанай облыстарында жүргізіледі. Міржақыптың рөлін актер Бақыт Қажыбаев сомдайды, ал жары Ғайникамал рөлінде актриса Зарина Кармен. Телехикаяның сценарийін Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалым және Ұшқын Сәйдірахман жазған. Режиссері – Мұрат Есжан, продюсері - Айсәуле Әбілдаева. Сериалда Әлихан Бөкейханов рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев сомдайды. Биыл «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тарихи бағытта 5 сериал түсіреді. Олар Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Дина Нұрпейісова, Қорқыт тұлғасына арналған туындылар. Ең ауқымдысы - 6 бөлімнен тұратын «Міржақып. Оян қазақ!» сериалы.