Жапония Императоры Қазақстан елшісін марапаттады

Жапония Императоры Қазақстан елшісін марапаттады

Жапония Императоры Қазақстан елшісін марапаттады
ашық дереккөзі
Жапонияның Нұр-Сұлтандағы елшісі Джун Ямада Ұлы Мәртебелі Жапония Императоры Нарухитоның шешімімен Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты тереңдетуге және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі - «Күншығыс» орденін Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа табыс етті деп хабарлады turkystan.kz. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов, Грекияның Нұр-Сұлтандағы елшісі Эфталия Какиопулу, сондай-ақ екі елдің іскерлік және дипломатиялық топтардың өкілдері қатысты. «Күншығыс ордені» - Жапонияның марапаттау жүйесіне енгізілген алғашқы марапат. Орден алғаш рет 1875 жылы табысталған болатын. Жапондық мемлекеттік айрықшалау жүйесіне сәйкес, «Күншығыс ордені, Алтын және Күміс Жұлдыз» II дәрежелі орден саналады. Е. Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметін 2016-2021 жж. атқарған, 2017-2021 жж. аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор болған. Жапон және ағылшын тілдерін меңгерген. Қазақстан СІМ жүйесінде 30 жыл бойы қызмет атқарып келеді.