Көшеде түкіргендерге жаза күшейді

Көшеде түкіргендерге жаза күшейді

Көшеде түкіргендерге жаза күшейді
ашық дереккөзі
Көшеде түкіргендерді енді камера арқылы тауып, жазалайды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Елордада түкіргендерді камера арқылы тауып жазалайтын болды. Көшеде, қоғамдық орында тәртіп бұзғандарға талап күшейтілді. Бұған дейін қалалық мәслихат депутаттары көпшілік жүретін жерлерде түкіретіндерге жазаны қатаңдату керек деп ұсынған. Ұсынысты Үкімет те қолдай кетті. Енді полицейлер көшеде түкіргендерді камера арқылы тауып алмақ. Ұсталғандар жазадан құтылмайды. Оларға ауызша ескерту де қарастырылмаған. Бірден бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 15 мың теңге айыппұл арқалайды. Ал қайталап тәртіп бұзғандар 30 мың теңгесінен қағылады. Көшеде түкіргендерге айыппұл 2019 жылдан бері қарастырылған. «Мұны көпшілік біле бермейді» дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары енді бақылау күшейтілген соң тұрғындар ережені есте ұстайды деген үмітте. Әйтпесе, ешкімге кешірім жоқ, тек кей жағдайларда болмаса.
«Көшеде орталық полиция мен учаске полиция инспекторлары жүреді. Олардың видеотіркеушілері болады. Орталық камераларда құқықбұзушылық болған жағдайда  бейнетаспаға түсіп қалады. Жасы келген мүгедектерге ауызша ескерту заңда қарастырылмаса да, үлкен кісілерге біз ауызша ескертеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД бөлім бастығы Қанат Нысантаев.