Боксшы Дина Жоламан марапаттау рәсіміне ұлттық киім киіп келді

Боксшы Дина Жоламан марапаттау рәсіміне ұлттық киім киіп келді

Боксшы Дина Жоламан марапаттау рәсіміне ұлттық киім киіп келді
ашық дереккөзі
Қазақстан Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатында жүлдемен оралған спортшы қыздарды марапаттады. Салтанатты рәсімге еліміздің он дүркін чемпионы Дина Жоламан қазақтың ұлттық киімін киіп келді деп хабарлады turkystan.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды марапаттау рәсіміне Кеңес Рақышевтан бөлек, ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы Бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов қатысты. Олар былғары қолғап шеберлеріне, боксшылардың бапкерлері мен Ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат табыстады. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда өткен әлем чемпионатында 5 медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алды. ұлттық
«Өздеріңіз білетіндей, Стамбұлда 72 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласты. Бұл сында да біздің қыздар толық құрамда өнер көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті. Осы тұста бұл біз үшін ең табысты әлем чемпионатының бірі болғанын атап өтуге болады. Өзім осы әлем чемпионатында болып, финалда Алуа Балқыбековаға қолдау көрсеттім. Өз басым біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда екеніне сенемін. Бәріңізге тынбай еңбек етіп, қайсарлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді Кеңес Рақышев.
Еліміздің үздік боксшылары ақшалай сертификаттар мен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ доллары табысталды. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзоваға 10 000 АҚШ доллары берілді. Шамиль Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар штабының өкілдері, жеке жаттықтырушылар мен ғылыми топ та назардан тыс қалмады. Олар 800-ден 1 300 АҚШ долларына дейін сыйақы алды.

Фото: kfb.kz