Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі ұзарды
Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі ұзарды
Вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«17 тамызда күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды, – деп хабарлады қалалық соттан.
10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
11 сәуірде финпирамида салымшысы Астанадағы ІІМ ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртегенін айтты.