Жаңалықтар

Дәл қазір көру керек фильм: алаяқтар қалай алдайды?

ашық дереккөзі

Дәл қазір көру керек фильм: алаяқтар қалай алдайды?

Телефонға келген бөтен нөмірді «біреу іздеп жатқан болар» деген оймен көтеріп, арғы жақтағы сөйлеп жатқан адамның кім екенін білместен өзінің жеке ақпаратын, құпия мәліметтерін айтып, арандап қалған отандастарымыз күн сайын көбейіп келеді. Аталған тақырыпта turkystan.kz сайтының тілшісі арнайы зерттеу материал дайындап ұсынған болатын. Бұл жолы сіздердің назарларыңызға 2021 жылы жарық көрген, Оңтүстік Корея түсірген триллер әрі детектив, криминал жанрдағы «Байланыста» (На линии) фильмін ұсынамыз. Ким Сон және Ким Гок режиссер болған фильмде қарапайым өмірдегі адамдардың қалай алаяқтардың құрығына ілініп қалатыны көрсетіледі. Басты рөлдегі Со-джун есімді азамат бұрын полиция бөлімінде қызмет еткен. Кейін жұмысын құрылыс компаниясында бірнеше жыл еңбек етіп, бригадир деңгейіне жеткен. Фильмдегі алаяқтар біреу не бесеу емес. Олар жүздеген адамдардан құралған, барлық хакерлік байланысты меңгерген адамдар тобы. Онда: сценарий жазатын, байланысқа шығатын, техникалық жақтан қауіпсіздікті қабылдайтын адамдар отырады. Бәрі бір-бірімен тығыз байланыста. Бір қызығы, алаяқтар Қытайда отырып Кореядағы адамдардың жеке құпия мәліметтеріне қол жеткізіп отырған. Ол үшін Кореядағы өз адамдары ақпарат базасын алып берсе жеткілікті.