Жаңалықтар

Қазақстандағы ең қорқынышты жерлер

ашық дереккөзі

Қазақстандағы ең қорқынышты жерлер

Қазақстанда тылсымға толы, аңызға арқау болған жерлер көп. Сырды ішіне бүккен киелі мекендерді топтастырған turkystan.kz сайты назарларыңызға 4 мистикалық жерді ұсынады. Көккөл Көккөл Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан. Ел арасында «Айдаһар көл» аталған мекенді ғалымдар толық зерттеп бітпеді. Көлдің алып жатқан аумағы мен тереңдігі туралы нақты дерек жоқ. Гидрологиялық зерттеулер жүргізгенімен ғалымдар судың түбін анықтай алмады. Көлден су ағып шықпайды және құйылмайды. Соған қарамастан мөлдір әрі тұп-тынық. Көккөл жайында аңыз көп. Бірінде адамдар тұншыға шыққан дауыстарды естідік десе, енді бірінде көл түбінде алып айдаһар мекендейді деседі. Суда жүзетін балықтарды, ұшқан құс пен шөлін басуға келген жануармен малдың жоғалуын су түбіндегі мақұлықпен байланыстырады. Жергілікті тұрғындар бұл көлді айналып өтуге тырысады. Аққұм-Қалқан Аққұм-Қалқан немесе «Әнші тау» деген атаумен танылған төбе – Алтын-Емел саябағында орналасқан. 3 шақырым жерді алып жатқан бұл мекен Қазақстандағы мистикалық жерлердің үздік үштігіне кіреді. Себебі «Әнші таудан» шығатын дыбысты есту үшін еліміздің түпкір-түпкірінен жүздеген адам келеді. Қатты жел соққанда таудың үні бірнеше шақырымға дейін естіледі. Бірде айқай, бірде гүріл болып естілетін дыбыстар ауа райына байланысты өзгеріп тұрады. Жергілікті тұрғындар арасында тараған аңыз бойынша шайтанның өзі Құдайдың қаһарынан қорқып, осы таудың астына жасырынған деседі.