Жаңалықтар

Польшада Dimash радиосын ашқан Тереза

ашық дереккөзі

Польшада Dimash радиосын ашқан Тереза

Өткен аптада Димаш Құдайбергеннің шетелдегі бір топ жан­күйері Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» балалар вокалдық байқауын тамашалау үшін елге арнайы келді. Олардың арасында Димаштың Польшадағы фан-клубының жетекшісі Тереза Какол да бар. Тереза – екі жыл бұрын Варшавада ашылған Dimash радиосының, сон­дай-ақ Димаштың поляк жанкүйерлерінің басын қосатын фан-клуб­тың негізін қалаушы. Одан бөлек, қоғамдық ұйымға жетекшілік ете­тін Тереза Димаштың әндерін тыңдағанда бойын тылсым бір сезім кер­неп кететінін айтады. Димаштың шығармашылығынан бөлек, қа­зақ мәдениетін дәріптеп жүрген Терезаға хабарласып, әңгімеге тартқан едік. – Қазақстанға қош келдіңіз, Тере­за! Сіз Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» ха­­лық­аралық конкурсын тамашалау үшін По­льшадан арнайы келдіңіз бе әлде бас­қа да жоспарыңыз бар ма еді? – Негізі, құрбым екеуіміз Қазақстанды үш ап­та бойы аралаймыз деген жоспар құр­ған едік. Бірақ Ақтөбеде өткен сол кон­курсқа По­льша атынан бірінші рет Юлиан­на есімді жас өнер­паз қатысатын бол­ғандықтан, экскур­сия­мыздың бағытына Ақ­төбе қаласын қосып, сон­да ат басын бұрып, оған барынша қолдау біл­дірейік деп шештік. Мұнымыз дұрыс болды, се­бебі біздің қыз ол байқаудан құр қол қайт­пай, жүлдегер атанды. Қазір Алматыдамыз, мұн­да бұрыннан көргіміз келіп жүрген көрікті жер­лерді араламақ ойымыз бар. Сосын ас­та­нада бес күн боламыз. Негізі, бұған дейін ол қа­лада болғанмын. Димаштың 2019 жылы өт­кен «Арнау» атты шы­ғар­ма­шылық кешін та­ма­шалаған соң он алты адамнан құралған ха­лықаралық топпен Қа­зақстанның ішін бір аптадай аралаға­ны­мыз бар. Ал қазір құрбым екеуі­міз ғана кел­дік. Екеуіміз бас қаланың әде­мі жерлерін ара­лап қана қоймай, Димаш жа­қын­дас­тырған жанкүйерлермен кездесеміз. Жал­пы, жанкүйерлер тобы фан-клуб деп атал­ғанымен, бұл – өте ыстық, үлкен бір от­ба­сы. Қазақстанға келгенім туралы жазып, сурет жүк­тегенім сол-ақ еді, көпшілігі кез­деспесек бол­майтынын айтып, ха­бар­ла­сып жатыр (күліп). Содан кейін бұйырса, бір айдан соң Ди­маштың Алматыда өтетін Stranger атты кон­цертіне үлкен топпен бірге келеміз. Біз оның барлық концертіне бара­мыз. Қалған емес­піз. Ол қайда болса, біз­де сондамыз. [caption id="attachment_192761" align="alignnone" width="2048"]– Естуімше, сіздер тек фан-клуб емес, Ди­маштың шығармашылығын наси­хат­тауға бағытталған қоғамдық ұйым ашып­сыздар. – Иә, тек фан-клуб емеспіз, сонымен қатар қо­ғам­дық ұйым ретінде де тіркелдік. Бұл ұйым­ның негізгі мақсаты – Польшаның әр ай­ма­ғында Димаштың өнерін насихаттау, ән­дерін көпшілікке жеткізу. Екіншіден, қазақ хал­қының мәдениетін, әдебиетін, ұлттық өнері мен салт-дәстүрін дәріптеу. Осы мақ­сат­та Варшавадағы Қазақстан елшілігімен, Гда­ньсктегі Қазақстан Консулдығымен жақсы бай­ланыс орнатып алдық. Польшада Қазақ­стан тарапы ұйымдастыратын барлық мем­ле­кет­тік іс-шараларға қатысамыз. Әсіресе, мә­дени іс-шаралардан қалмаймыз. Құрылғаны­мыз­­ға аз уақыт болса да өзіміз де осындай іс-шар­алар ұйымдастырамыз. Поляктарға қа­­зақ мәдениетін таныстыру мақсатында кі­ші­гірім ивенттерді өткізуді бастап та кеттік. – Тек ол үшін емес. Біздегілер Димаштың бар­лық әнін поляк тіліне аударады. Кей кезде Қа­зақстандағы достарымыз қазақша әндерін ағыл­шын я орыс тіліне аударады. Сосын біз оны поляк тіліне аударамыз. Димаш айтатын қа­зақша әндердің мағынасын жақсы білеміз. Бірақ біз қазақ тілін үйренгіміз келеді. Себебі бұл – өте әуезді, сұлу тіл. Музыка арқылы қа­зақ тіліне ғашық болдық. Бірақ бір өкініштісі, қа­зақша әңгіме естіп қалсақ, олардың не ай­тып жатқанын түсінбей, дал боламыз. Осы ретте айта кетейін дегенім, біздің фан-клуб әрі ұйымға 26 000 адам мүше. Facebook желі­сін­дегі жеке парақшамызды 14 мыңнан астам жан­күйер бақылайды. Олардың көбі біз бас­таған кез келген бастаманы, іс-шараны қар­жыландырады. Олардың түгелін Димаштың өнерінен бөлек, қазақтың халық әндері қы­зық­тырады. Расымен, қазақ халқының әндері жүре­гімізді жаулап, бізді қатты таңғалдырды. Содан соң бізді қазақтардың салт-дәстүрге берік болуы таң-тамаша етті. Әлі күнге дейін таң­данамын. Себебі Еуропа аймақтарында мұн­дай үрдіс қазір жоқ. Қазақстандағыдай дәс­түрді ерекше сыйлайтын адамдарды Еуропа­да көп кездестіре бермейміз. Біз бұған там­санып қоймай, бұл туралы жиі жазамыз. Бар­ған, көрген жерімізде байқағанымызды түр­тіп алып, өзге шетелдік жанкүйерлерге жет­кізуге асығамыз. Байқап отырғаныңыздай, біз тек Димаш туралы жазбаймыз. Қа­зақ­станның мәдениеті, салт-дәстүрі, өнері, геог­ра­фиялық орналасуы туралы деректерді де на­зардан тыс қалдырмаймыз. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу туралы аңыз­­дың тұсаукесерін өткізіп, елшіліктегілер­ге, Қазақстандағыларға айтып, сүйінші сұра­дық. Моника қазақ тілін білмегендіктен бұл аңыз­ды орысшадан поляк тіліне аударып, оқып шықты. Тыңдаған адамның бәрі хабар­ласып, қос ғашықтың арасында өрбіген оқи­ғадан қатты әсер алғанын айтады. Сосын Қа­зақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығын да на­зардан тыс қалдырмадық. Төрт ай бойы осы тақырыпты қозғап, біраз шаруа атқардық. Әң­гіме басында айтып өткенімдей, журналист Жандоспен сұхбат жүргіздім. Ол Қазақстан тура­лы поляк және қазақ тілінде құнды мәлі­меттер айтқанда барлығымыз ұйып тың­дай­мыз. Одан Қазақстан туралы көп қызық дерек ес­тідік. Қазақстандағы достарымызға «Қазір біз­дің радиода қазақша бағдарлама басталады. Тыңдаңдар!» деп ескертіп отырамыз. Сонымен қа­тар, бізде қазақ әдебиетіне арналған бағдар­лама тағы бар. Оның бірнешеуін қазақтың ұлы ақыны Абайға арнадық. Басқа бір бағ­дар­ламада Абайдың қара сөздерін сөз еттік. Қолы­мызда қара сөздердің поляк тіліне ауда­рыл­ған нұсқасы бар. Содан керегін түртіп алып, айтып отыруды жөн санадық. Одан өзге, Қа­зақстанға танымал қайраткерлер туралы да бағ­дарлама жүргіземіз. Жалпы, қазір бұл ра­диода жеті адам жұмыс істейді. Мен аптасына екі рет Варшаваға барып тұрамын. Ал Ди­маштың шығармашылығын насихаттауға кел­генде атсалысқысы келетін адамның са­нын­да шек жоқ. Өйткені олар оның шы­ғар­машылығын жақсы біледі. – Бұйырса, бір күні Димаш Варша­ва­да­ғы радиостудияның қонағы болады деп сенеміз. – Мен де соны армандап жүрмін. Біз ра­дио­ны іске қосқан күні таңғы төртте бір бел­сендіміз «Димаш бізге алғыс айтып жатыр!» деп ха­барласып, ұйқымыздан оятып алды. Сол кезде бақыттан басымыз айналып, бұл бас­таманы іске асырғанымызға қатты қуанғаным есімде. Сөйтсек, Димаш әлеуметтік желідегі же­ке парақшасында бізге алғысты қарша бора­тып, әлемде көп әртіс барын, бірақ По­ль­шадағы радионы дәл оның атымен аш­қа­ны­мызға қатты қуанышты екенін жеткізген. Қа­зір Димаштың сенімін ақтап, ол мақтанып жү­ретіндей деңгейден түспеуге тырысамыз. Біз­дегі бар арман – Димаш біздің студияға ке­ліп, қонақ болса екен! Бұл мүмкін емес іс се­кілді көрінеді. Бірақ кім біліпті?! Ол Еуро­паның бірнеше қаласында жеке концерт өт­кізсе де, Варшавада әлі ұйымдастырған жоқ. Де­генмен бұл Димаштың осында танымал емес екенін білдірмейді. Біздің бар жұмысымыз осы – Польшада оның танымалдығын арт­тыру. Сол үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ди­маш туралы бізден басқа бір поляк ра­диосында да бағдарлама әзірленді. Біз бар біл­генімізді айтып, қолдағы бар деректердің бар­лығын ұсындық. Енді біз жаққа келсе дей­міз. Бір сұхбатында «Польшаға міндетті түрде бара­мын» дегені есімде. Өткен аптада Ақ­тө­беде Димаштың әкесі Қанатпен әңгімелескенде Варшавада жеке концертін өткізу туралы сөз қоз­ғадық. Бұйырса, ол күнге де жетерміз. Біз Ди­машты Польшада асыға күтеміз. Ерекше қар­сы аламыз деп дайындалып жүрміз. Сосын бізге Димаштың Қазақстандағы адал жан­күйерлері де келсе екен! Олар бізді Қазақстанға кел­ген сайын ерекше күтіп алады. Қонақ­жай­лығында сөз жоқ! Біз де оларға поляк хал­қы­ның қонақжай екенін көрсеткіміз келеді. – Димаштың орындауындағы сіз тың­дайтын ең сүйікті ән қайсысы?