Бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілі ұсталды

Бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілі ұсталды

Бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілі ұсталды
ашық дереккөзі
Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«15 тамыз күні ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы», - делінген хабарламада.
Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына беріледі.