Дариға Назарбаева: Банктер Үкіметке алақан жаюды қойсын!

         Сенат депутаты Дариға Назарбаева банк жүйесіндегі жемқорлықты сынға алды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның айтуынша, қаржы ұйымдары жұртқа оңды-солды несие таратады да, кейін қайтарылмай қалған қарызды бюджеттен өндіріп алуды әдетке айналдырған.

Сондықтан Назарбаева екінші деңгейлі банктерге қазына қаржысын бермес бұрын бұл саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу керек деп отыр.

«Үкімет қазынадағы халықтың ақшасын жұмсап, банктерді талай рет құтқарып қалды. Ал, банк жүйесін жемқорлық жайлаған. Менеджерлер клиенттен пара алып, ол адам қарызды қайтармайтынын білсе де несие береді. Кейін банктер тұрғындардың әлеуметтік жағдайын желеу қылып, мемлекетке алақан жаюды әдет қылып алған», – дейді сенатор.

Back to top button