«Грантқа түсіріп беремін»: түркістандық тұрғын алаяққа алданып қалды

«Грантқа түсіріп беремін»: түркістандық тұрғын алаяққа алданып қалды

«Грантқа түсіріп беремін»: түркістандық тұрғын алаяққа алданып қалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шардара АПБ-ға арызданған азаматшаның айтуынша, 2020 жылдың желтоқсан айында танысы қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп 1 млн теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Шардаралық тәртіп сақшылар тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсірді.
«Анықталғандай, күдікті Шардараға қыдырып келіп, сенімге кіру арқылы жәбірленушіден қаражат алған. Бірақ ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысын анықтауда.