Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Аталмыш оқиға 13 тамызда Алматы облысы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Әскери қызметшінің бұл ерлігі жуырда ғана дәмхана иелерінің атынан әскери бөлімге келген алғыс хат арқылы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің қызметшісі, подполковник Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқанда жол бойындағы дәмханадан шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер тоқтай қалып, бірден көмекке жүгіреді.
«Ғимаратта тек әйел адамдар ғана болды. Ең алдымен, түтіндеп жатқан ас үйге жүгірдім. Екі газ баллонын далаға шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залы екен. Жиһазды шығардым, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», - дейді Бақыт Ташкенбаев.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі құтқарушылар жеткенге дейін өртті алғашқы сөндіру құралдарымен өз бетінше өшіріп, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатады. Өрт сөндіру командасы жеткеннен кейін де батылдығы мен кәсібилігін көрсетіп, көмегін жалғастырады.