Қандай азық-түлікті тоңазытқышта сақтауға болмайды?

Қандай азық-түлікті тоңазытқышта сақтауға болмайды?

Қандай азық-түлікті тоңазытқышта сақтауға болмайды?
ашық дереккөзі
Кейбір өнімдерді, мысалы, жарма немесе нанды тоңазытқышта сақтамаған жөн. Олар өз қасиетін жоғалтып, денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
«Тоңазытқышта қайнатылған күріш, макарон және жарманы ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ылғалды ортада патогенді микроағзалар өршиді. Салдарынан өнім тез бұзылады. Бірнеше күннен кейін уланып қалуыңыз мүмкін. Айта кететін нәрсе, оливье сияқты салаттарды да тоңазытқышта сақтауға болмайды», – дейді диетолог Елена Соломатина.
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын басқа да өнімдерді атады деп жазды vm.ru.
«Шай, кофе, какао, әртүрлі шөптер – ауа өткізбейтін барлық зат тез ылғалданады және көгереді. Дәмдеуіштер де (бұрыш, куркума және т.б.) бұзылады. Кез келген қағаз пакет дымқыл тартып, өнімді бүлдіреді. Кептірілген жемістер, печенье, нан, қытырлақ картоп, жаңғақтар ылғалды тез сіңіріп, көгереді», – дейді маман.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңескеніңіз жөн.