"Медеу" мұз айдынына - 34 жыл

"Медеу" мұз айдынына - 34 жыл

"Медеу" мұз айдынына - 34 жыл
ашық дереккөзі
1972 жылы 28 желтоқсанда «Медеу» мұз айдыны ресми түрде пайдалануға берілді. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан «Медеу» мұз айдыны» - Алматы қаласының мақтанышына айналған және қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі.
Оның аумағы 10500 шаршы метр жерді алып жатыр және 10500 көрерменді сыйғызады. Әлемдегі 120-дан аса үздік спорттық рекорд «Медеу» мұз айдынында орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері, қазақ халқын көшпелі отырықшылыққа бейімдеу жұмыстарымен айналысқан, қазақ балаларына арнап пансионат ашқан Медеу Пұсырмановтың құрметіне берілген.
a4hosqwtftsg29w5u1nir6478vcsth
«Медеудің» айналасын 21 мың гектар орман-тоғай алқабы қоршап жатыр. Онда қайың, көктерек, қарағай мен шырша, долана, шетен ағаштары өседі. Мұз айдынынан бөлек, мұнда Ғарыш сәулелері ғылыми станциясы, Үлкен Алматы көлі, Жоғарғы Горельник сарқырамасы, Алматыны селден қорғап тұратын бөгеттер, Терренкур және сегіз жүзден астам сатысы бар баспалдақ бар. 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сайыстарының бір бөлігі Медеу мұз айдынында өтеді.