Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу туралы хабарламау фактісін анықтады.
«Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды», – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Полиция биылғы жылы осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.