Синоптиктер 8 өңірде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер 8 өңірде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер 8 өңірде дауылды ескерту жариялады
ашық дереккөзі
Синоптиктер ауа райына байланысты еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығынды, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20,  екпіні 23-28 м/с. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.