Шебірлік тұрғындар жолды бүлдірген тұз өндірушілерге өкпелі (ВИДЕО)

Шебірлік тұрғындар жолды бүлдірген тұз өндірушілерге өкпелі (ВИДЕО)

Шебірлік тұрғындар жолды бүлдірген тұз өндірушілерге өкпелі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысындағы Шебір ауылының тұрғындары жолды бүлдірген тұз өндіретін компанияны жауапқа тартуды сұрайды деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Маңғыстау ауданына қарасты Шебір тұрғындары ауыл іргесінде тұз өндіретін «Батыс Стандарт KZ» ЖШС-ні жауапқа тартуды сұрайды. Тұрғындардың сөзінше, тұз өндіретін компанияның ауыр жүк көліктері Шебір ауылынан Қаламқас кен орнының асфальтына шығатын жолды бүлдірген. Бүлдіргені сонша, қазір ол жолмен жол талғамайтын көліктеріміз жүре алмай қалды деп шағымданады. Сондай-ақ ауыл халқы тонналаған өнімді таситын көліктер жолда батып қалып, одан шығу үшін тұз төккенін айтады. Осылайша экологияға кері әсер ететін әрекет жасап жатыр деп ұрпақ денсаулығына алаңдаулы. - Бұл компания бұл жерде жұмыс істеп жатқанына 5 жылдан асып кетті. Алайда компания осында келмес бұрын маңындағы ауыл тұрғындарына қоғамдық тыңдау өткізбеді. Енді нәтижесі осы – жолымыздың бәрін бүлдіріп, жарамсыз жағдайға жеткізді. Тіпті ауыр жүк көліктері соңында жолсызбен жүріп, жайылымдық жердің өсімдік қабатын әбден бүлдіріп тастады. Аудан әкіміне осы компанияның басшыларымен кездестіріңіз деп жүргеніме 3 айдың жүзі болды. Бірақ әкімнен де хабар жоқ, - дейді Жанғазы Оспанов есімді тұрғын. Бұдан бөлек, ауыл азаматтары бұл серіктестік Шебір ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта тұз қоймасын ашық күйінде орналастырғанын айтады. Шебірліктер құзырлы органдардан «Батыс Стандарт KZ» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізіп, бақылау жасауды сұрайды. Одан басқа, бүлінген жолдың «Батыс Стандарт KZ» ЖШС есебінен бастапқы қалпына келтірілуін талап етеді. Ал ауыл тұрғындарының қозғалысына кедергі келтірмей, тұз тасымалы үшін бөлек жолдың салынуы дұрыс деп есептейді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Маңғыстау Медиа (@mangystaumedia.kz)