Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапты

Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапты

Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапты
ашық дереккөзі
Елдің солтүстігіндегі Сонора штатында Хуан Аржон Лопес есімді журналистің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. Штаттың бас прокуроры Клаудиа Индира Контрерас Кордоба баспасөз мәслихатында A Que Le Temes газетінің тілшісі Лопестің 9 тамыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. 62 жастағы Лопестің әріптестері мен отбасы мүшелері оны соңғы рет 8 тамызда көрген. Оның  жоғалғаны белгілі болғаннан кейін билік іздеу тобын құрды. Өкінішке қарай, құтқарушылар қаралы хабармен ғана бөлісті. Өкінішке қарай, Мексикада баспасөз өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны тоқтаусыз жалғасуда.