Қарағандылық тұрғын облыс әкімін танымай қалды (ВИДЕО)

Қарағандылық тұрғын облыс әкімін танымай қалды (ВИДЕО)

Қарағандылық тұрғын облыс әкімін танымай қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Журналист Асхат Ниязов Балқаш қаласының көшелерінде жүрген тұрғындардан облыс әкімі жайлы пікірлерін сұрады. Бұл кезде әкім қарапайым киім үлгісінде журналистің жанында болған деп жазды turkystan.kz. Сондай сауалнама кезінде түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода тілші жол бойында жұмыс істеп жатқан коммуналдық мекеме қызметкерінен облыс әкімінің аты-жөнін сұраған.
«Білмеймін. Газеттен оқығанмын, ұмытып тұрмын.  Кеше тұрғындарды қабылдаған еді...», - деді егде жастағы тұрғын.
Бұл кезде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғынның көз алдында тұрған. Соған қарамастан қарағандылық азамат әкімді танымады.  Оны тек журналист таныстырған сәтте ғана сұхбат беруші қипақтап қалғандай болды. Бірақ соған қарамастан өз ойын өңір басшысына ашық айтты. 
«Менің әр күнім проблема. Не істейсің? Ақша жетпейді. Сен 1 ай істейсің де, басқа жаққа кетіп қаласың», - деді тұрғын әкімге қарата.
Әлеуметтік желі қолданушылары осы бір қызық сәтті қызу талқылап жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@infogram_kaz)