Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды

Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды

Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  «Ашық сағат алаңында» еліміздегі автокөлік жолдарының қысқы маусымға дайындығына арналған жиын өтті деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ZOOM платформасында ұйымдастырылған басқосуға Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен жүк және жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың өкілдері қатысты. «Қазақавтожол» ЖШС ақпаратына сүйенер болсақ, арнайы техникалардың қысқы кезеңге дайындығы 74 пайызды құрайды. Компания басшысы Самат Ғилымовтың айтуынша, алдағы маусымдық жұмыстар үшін жеке тұлғалардан 400 дана техниканы жалға алу қажеттілігі туындап отыр.
«Қазіргі таңда бізге 2 836 дана техника қажет. Ал қолымызда бар-жоғы 1 117 бірлік техника бар. Оның 527-сінің тозығы жеткен. Жөндеуге де келмейді», - деп атап өтті Самат Ғилымов.
Сондай-ақ ол еңбекақы мөлшері 30 пайызға артқанымен білікті мамандарға деген тапшылық сезіліп отырғанын айтты.
«Министрлік тарапынан қолдаудың арқасында мекеме жұмысшыларының жалақысы көтерілді. Бүгінде қызметкерлер жетіспеушілігі біртіндеп азайып келеді. Десе де жоғары білікті мамандарға деген зәрулік туындауы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз», - деді «Қазақавтожол» басшысы.