Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады
ашық дереккөзі
Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14-шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.