Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады
Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады
Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14-шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.