Жаңалықтар

«Жастар рухы» жатақханаларға мониторинг жүргізуді бастады

ашық дереккөзі

«Жастар рухы» жатақханаларға мониторинг жүргізуді бастады

Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты республика бойынша ЖОО және техникалық, кәсіптік білім беру мекемелеріне қоғамдық  мониторинг жүргізуді бастады. Акцияның мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледж жатақханалары жағдайының сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Esil университеті мен ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің жатақханаларына мониторинг жүргізілді. Esil университетінің жатақханасын тексеру барысында санитарлық нормаларға сай келмейтін жағдайлар кездесті. Аталған оқу орнының жатақханасы 3 қабаттан тұрады, жоба бойынша 235 орынға есептелген. Студенттер жатақханада тұру үшін айына 20 мың теңге төлейді. Тексеріс кезінде оқу орнының жаңа оқу жылына дайын емес екені анықталды. Бірақ мекеме басшылығына жалға алған қонақ үйдің иесі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталатынын жеткізген.