Жаңалықтар

«АМАNAT» партиясының мүшелері бүлдіршіндерді мектепке даярлап жатыр

ашық дереккөзі

«АМАNAT» партиясының мүшелері бүлдіршіндерді мектепке даярлап жатыр

 «АМАNAT» партиясының мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлап жатыр. Бүгін партия Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов бірнеше отбасына барып, балаларға мектеп формасын, спорт киімін, рюкзактар мен кеңсе тауарларын табыс етті. «Бұл акция партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында бүкіл ел аумағында өткізіледі. Биыл акция аясында 30 мыңнан астам баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына даярлауға көмектесу. Мариевскилер отбасына барғанымызда үйлерінің шатыры жанып кеткенін білдік. Сондықтан қосымша қолдау көрсетіп, жөндеу жұмысын жүргізіп беру туралы шешім қабылдадық», – деді Мәди Оспанов.  Көпбалалы ана Әсем Жайлаубекова партиялықтарға көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді. «Отбасымызда мектеп жасындағы үш бала бар. Біреуі биыл бірінші сыныпқа барады. Оны мектепке даярлау үшін кем дегенде 100 мың теңге керек. Үлкен балаларды да даярлау қажет. Партияның қолдауымен қажетті заттың бәрін алдық», – деді ол. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева төрт оқушы қыз өсіп келе жатқан отбасына қажетті заттарды табыстады.