Бүгін – академик Рәбиға Сыздықтың туған күні

Бүгін – академик Рәбиға Сыздықтың туған күні

Бүгін – академик Рәбиға Сыздықтың туған күні
ашық дереккөзі
17 тамызда аса көрнекті тілші-ғалым, академик Рәбиға Сыздықтың туған күні деп хабарлады turkystan.kz. Ғалым Ақтөбе облысы Ойыл қалашығында қызметкер отбасында туған. Көзі тірі болса бүгін тіл жанашыры 98 жасқа толар еді. Академиктің негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арналған. Ғалымның «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Абай тілінің сөздігі», «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ тілі әдістерінің негізгі мәселелері» және тағы да басқа еңбектері жарық көрген. Рәбиға Сыздықтың 130-дан астам ғылыми ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы, оқулығы, оқу құралы бар. Академиктің есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енген.