Қытайда таза ауа сататын алғашқы интернет-дүкен ашылды

Қытайда таза ауа сататын алғашқы интернет-дүкен ашылды

Қытайда таза ауа сататын алғашқы интернет-дүкен ашылды
ашық дереккөзі
Қытайлық Юньнань провинциясында таза ауа сататын алғашқы интернет дүкен ашылды. Алайда елдегі ауыр экологиялық жағдайға қарамастан, Аспан асты елінің тұрғындары оның игіліктерін әзірге бағалаған жоқ, деп хабарлады Қазақпарат «Сина синьвэнь» басылымына сілтеме жасап. «Елдің экологиялық таза провинцияларының бірінде жиналып, оралған ең таза ауа жақындар мен әріптестер үшін керемет сыйлық болып табылады», — деп жазылған өнімде. Бұдан бұрын қытайлықтар Гуандун провинциясы саябағындағы сөреде таза ауа сатуға тырысқан. Таза ауа пакет көлеміне қарай полиэтилен пакеттерде 10 немесе 30 юаньға сатылған.