Азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясының Байқоңыр филиалы жанынан құрылған топ Ақай ауылдық округінің дүкендеріндегі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді.
Зерделеу жұмыстары барысында кәсіпорын иелері мен тұрғындардың ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалды.
Мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы жөнінде ескертілді.