Азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді

17 тамыз, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді «AMANAT» партиясының Байқоңыр филиалы жанынан құрылған топ Ақай ауылдық округінің дүкендеріндегі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында кәсіпорын иелері мен тұрғындардың ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалды. Мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы жөнінде ескертілді.