Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады

17 тамыз, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады Мексикалық бокс аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин айқасына қатысты болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Көпшілік мексикалық стиль - соққы алып, жауап беру, өзін жауынгер сияқты ұстау деп ойлайды. Жоқ, мексикалық бокс, ол -  техникамен соққы алмасу, ақылға салынған агрессия. «Канело» мексикалық стильді жақсы қолданады. Альварес үшінші жекпе-жекте қарсы соққы жасайды және айқас нокаутпен бітеді деп ойлаймын. Қателеспесем, сегіз не тоғызыншы раундта «Канело» жеңеді», - деді Хуан Мануэль Маркес.