Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады

Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады

Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады
ашық дереккөзі
Мексикалық бокс аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин айқасына қатысты болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Көпшілік мексикалық стиль - соққы алып, жауап беру, өзін жауынгер сияқты ұстау деп ойлайды. Жоқ, мексикалық бокс, ол -  техникамен соққы алмасу, ақылға салынған агрессия. «Канело» мексикалық стильді жақсы қолданады. Альварес үшінші жекпе-жекте қарсы соққы жасайды және айқас нокаутпен бітеді деп ойлаймын. Қателеспесем, сегіз не тоғызыншы раундта «Канело» жеңеді», - деді Хуан Мануэль Маркес.