Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Армения халқына көңіл айтты

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Армения халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады», - делінген хабарламада. Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.