Жаңалықтар

Елордада «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі басталды

ашық дереккөзі

Елордада «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі басталды

Нұр-Сұлтан қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында балалар жылы аясында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі басталды деп хабарлады turkystan.kz. Жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды. «Елордалық балалар тауарларына арналған «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар. Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сондай-ақ EXPO алаңында білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесерлері, оқыту әдістері, мектептер, сондай-ақ тренингтер мен мастер-кластар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері өткізіледі.