Қазгидромет: 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

17 тамыз, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қазгидромет: 3 қалада ауа сапасы нашарлайды 17 тамыз күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.