АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды

АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды

АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
ашық дереккөзі
Индиана штатында мектеп автобусын тізгіндеген жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған деп хабарлады turkystan.kz NBC News сайтына сілтеме жасап. Оқушылар отырған көлік үйге соғылған. Оқиға таңертең Уэст Колледж Корнер қаласында болды. Автобустағы 30 оқушының ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Тек екі оқушы медициналық көмек сұрап, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. 55 жастағы жүргізуші Стивен Посконың жүрегі тоқтап қалғанын бірінші болып келген құтқарушылар анықтаған. Апат салдарынан автобустың алдыңғы бөлігі қатты зақымдалып, үйдің іргетасына сығымдалып қалған. Алғашқы көмек көрсетушілер жүргізушіні көліктің деформацияланған кабинасынан босатып, жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Әзірге жүргізушінің жағдайы белгісіз.