Қыркүйекте базалық мөлшерлеме өзгермейді – сарапшылар

16 тамыз, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қыркүйекте базалық мөлшерлеме өзгермейді – сарапшылар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы отандық қаржы нарығындағы кейбір индикаторларға қатысты кәсіби ойыншылар арасында жүргізілген кезекті сауалнама қорытындысын жария етті деп хабарлады turkystan.kz Forbes басылымына сілтеме жасап.

ҚҚҚ зерттеуіне қатысқан банк, сақтандыру нарығы, брокерлік ұйымдар өкілдері мен сараптамалық, қазынашылық бөлімшелердің қызметкерлері төмендегідей индикаторларға қатысты пікірлерін ортаға салып, болжам жасады: Brent мұнайының құны, АҚШ долларының Қазақстан теңгесіне және Ресей рубліне шаққандағы құны, инфляция, ЖІӨ көрсеткіші, ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі.

ТҮЙІН